Еуразиялық медиа форум: 15 жыл эволюция. Әлемдік өзгерістер

«15 жыл эволюция. Әлемдік өзгерістер» - Алматыда өтіп жатқан дәстүрлі Еуразиялық медиа форумының тақырыбы осындай. Әлемдік медиа саласында өзінің айшықты орны мен маңызын белгілеген шараға халықаралық масс медианың ең өзекті тақырыптарын талқылау үшін 60 елдің сарапшылары келген. Бүгін ақпарат беру жылдамдығы, арналардың алуантүрлілігі мен таралуы шығармашылық пен дамуға шексіз мүкіндіктер береді. Десе де, көптеген бұрмаланған ақпараттарға жол ашады. Қатысушалары осыған орай фэйк жаңалықтармен күресу жолын қарастырды. Бүгінде мистификация, арандатушылық және әдейі халықты шатастыру қаруға айналып келеді.

РОДЖЕР ФИСК, САЯСИ СТРАТЕГИЯ СҰРАҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫ /АҚШ/:

Бұл құралды қай мақсатта пайдалануы – адамның тікелей өзіне байланысты. Мысалы, мен жаңалықты оқыған кезде, кейбір ақпараттармен келіспеуім де мүмкін. Бірақ қанша адам болса, сонша пікір бар. Дегенмен де сол немесе өзге жаңалықты халық қалай қабылдайды? Сол маңызды болып табылады. Қазіргі уақытта көзі ашық адам берілген ақпаратқа қарап, оның жалған не шынайы екендігін ажырата білуі тиіс.

Медиа форумда сарапшылар, сондай-ақ экономикалық әл-ауқат қоғамдық институттарға халықтың сенім артуына, жаңа технологиялардың дамуы адам еңбегі мен ақыл-ойын қаншалықты алмастыра алатындығы туралы да айтты. Сонымен қатар форум қатысушылары  пікірталас алаңында адамгершілік пен адами құндылықтар және дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының болашағы сұрақтарын да қарастырды.

ВЛАДИМИР ДЖИДЖОРА, УКРАИНАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ УАҚЫТША СЕНІМ ЖҮКТЕЛГЕН ӨКІЛІ:

- Мұндай алаңдар кәсіби біліктілікті шыңдау және максималды түрде жұмыс істейтін немесе ақпараттық салаға қызығушылығы мол адамдармен байланыс орнату мақсатаны да берері мол. Медиа форумдар - кәсіби және достық байланыстар орнатуда көмектесетін алаңдардың бірі. Яғни, бір-бірін толықтыра түсу. Бірін-бірі жақсы түсіну ақпарат алмасуда алдыңғы қатарда болуға септігін тигізбек. Сондай-ақ бұл жылдам әрі сапалы ақпар болады.

Айта кетейік, жыл сайынғы Алматы қаласында өтетін медиа іс-шара ежелгі Жібек жолы, Қытай мен Еуропаны қамтитын  коммуникациялардың кіндігі саналатын Орталық Азияның рөлін жандандыруға бағытталған.