«АЭФ-те ҚР Президенті көтерген 5 бірдей мегатренд - әлім үшін аса өзекті бастама» - Kazakh TV

Астана экономикалық форумында Қазақстан Президенті көтерген 5 бірдей  мегатрендтің әрбірі – еліміз ғана емес, барша әлем үшін аса өзекті бастамалар. Бұл елордадағы Назарбаев Университетінің профессоры Дэниел Пьюдің пікірі. Оның айтуынша, цифрландыру, энергетикалық революция, дүниежүзі бойынша халық санының өсімі, жаппай урбандалу мен еңбек нарығының өзгеруі сынды жаһандық сын-тегеуріндерге қамдану үшін алдымен білім беру саласына мән берген жөн. Қазақстанның білім жүйесін реформалауда ілгерілеушілк байқалады, дейді маман. Ел жастарына сапалы білім, саналы тәрбие беруге үлкен көңіл бөлініп, оқу-әдістемелік бағдарламалар заманға сай жасақталуда. Оның бірден-бір дәлелі - «Болашақ» бағдарламасы. Жоба аясында 13 мың қазақстандық әлемнің озық оқу орындарында білімін толықтыруға мүмкіндік алды. Ел аумағында да халықаралық деңгейдегі оқу орындары ашылып жатыр.

ДЭНИЕЛ ПЬЮ, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР МЕКТЕБІНІҢ ДЕКАНЫ:

 - Мен Нұрсұлтан Назарбаев айтқан 5 мегатрендтің барлығы орынды деп санаймын. Әрбірі әлем үшін аса өзекті. Бұның басты қайнар көзі – білім саласы. Біздің студенттер – болашақ көшбасшылар. Шәкірттерді жаһандық сын-қатерлерге жауап беруге дайын болатындай етіп оқытуымыз қажет. Бұл өте маңызды. Сондықтан мен білім жүйесін алға тартып отырмын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер