АЕF: Global Challenges Summit 2018 қорытындысы - Kazakh TV

Қазақстан  астанасында әлемдегі ең маңызды оқиғалардың бірі – АЕF: Global Challenges Summit өтті. Әлемнің 111 елінен  келген 6000-нан астам  қатысушы 3 күн бойы адамзаттың ортақ мекені – Жер планетасының болашағына қатысты сан алуан ойды саралады.

Қазақстан Президентінің форумның ашылу салтанатында сөйлеген сөзі жиынның  басты оқиғаларының бірі болды. Нұрсұлтан Назарбаев ғаламдық дамудың негізгі 5 мегатрендін атады.

Сондай-ақ АЭФ-та 20 астам түрлі құжаттарға қол қойылды. Солардың бірі – Eуразиялық Экономикалық Одақ пен Иран арасындағы еркін сауда аймағы туралы уақытша келісім. Бұл сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін жаңа өсім нүктесі болады.

Қазақстанның аграрлық саласын дамытуға енді Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Италия, АҚШ және Қытай елдерінен ірі ет трансұлттық корпорациялары атсалысады. Форум шеңберінде 300 миллиард теңгені құрайтын келісімшарттар жасалды. Ауыл шаруашылығы техникаларын шығару бойынша әлемдік көшбасшылар Қазақстан аумағында машина жасау туралы келісімге қол қойды. Бұл да – Астана экономикалық форумының жемісі.

СЕРДЖИО КАМИЦОЛЛИ, ЕТ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Біз Қазақстанда мал шаруашылығы жақсы жолға қойылғанын байқадық. Қазір мал шаруашылығын тиімді дамыту  мен  шағын және орта бизнесті қолдауға  баса назар аударылады. Біздің зауытымыздың жанында  30 жыл бойы мал сатып алуға болатын және бізге әлеуетті тұтынушы ретінде қарым-қатынас жасайтын  шаруашылықтардың болуы өте  маңызды. Олардың малының сапасы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым көп төлейтін боламыз.

АЭФ-тің екінші күні де қызу пікірталастарға толы болды. Бағдарламада адамзат алдында тұрған негізгі 5 сын-тегеурін бойынша 20 астам іс-шаралар болды.

Отандық ұлттық компания британдық агенттікпен инвестициялық жобаларды қаржыландыру қорын құру туралы меморандумға қол қойды. Оның міндеті – терең өңдеу және экспортқа баса назар аудара отырып, жеке инвестициялар арқылы республиканың агроөнеркәсіптік кешенінің жоғары технологиялар мен өңдеуші секторын дамыту.

АЛЕКСЕЙ ПЕТРОВ, DA VINCI CAPITALМЕҢГЕРУШІ СЕРІКТЕСІ:

 - Агроөнеркәсіптік кешеннің жоғары технологиялық сегменттерінде, сондай-ақ Қазақстанды қызықтыратын тамақ өнеркәсібіне, технологиялық секторға қаржы құюды қарастырамыз.

«Инновациялық технологиялар паркі» автономдық кластерлік қоры және «Шуазёль» институты инновациялар саласында ынтымақтасуға ниетті. Алдағы уақытта Қазақстан мен Францияның тиімді дамуына ықпал ететін бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыру күтілуде.

ПАСКАЛЬ ЛОРО, ПРЕЗИДЕНТ INSTITUT CHOISEUL:

 - Біздің мемлекеттерімізді дамытуда инновациялық технологиялар өте маңызды рөл атқарады. Қазірден бастап бірге жұмыс істей бастадық. Ірі жобалар іске асырылатын болады. Әрине, Қазақстан бұл ынтымақтастықтан жаңа мүмкіндіктерін кеңейте алады. Бұл серіктестік бізді қызықтырады.

Үшінші күні әлемнің жетекші және отандық сарапшылары Қазақстан экономикасына жаһандық сын-тегеуріндер саммитінде айтылған жобалардың бейімделуін талқылады. «Стратегиялық сессияда» еліміздегі реформаларды жүзеге асырудың бұдан арғы жоспары жасалды. Сарапшылардың  айтуынша, бүгінгі күні АЭФ – халықаралық сұхбат алаңы ғана емес, өзара тиімді әріптестік платформасы.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер