AEF: Global Challenges Summit – бизнестің жілігін шағып, майын ішкен әлемдік кәсіпкерлер үшін таптырмас форум. Бүгінде Астанаға бизнес кәсіпкерлер келе бастады. Солардың бірі – бизнесті құру мен одан пайда табу жолдарын меңгерген Лэирд Каган. Бүгінде өзі негізін қалаған Cagan McAfee Partners компаниясының атқарушы директоры. Ол 1990 жылдары техникалық даму белең алған тұста капиталы 500 миллион долларды құрайтын 15 ІТ компанияны аяқтандырып, 10 кәсіпорынды Нью-Йорк биржасына шығарды.

**********************

Қазақстанда «жасыл экономиканы» қалай дамыту керек? Бұл туралы Астана экономикалық форумының құрметті мейманы, Нобель сыйлығының экономика бойынша лауреаты Рае Квон Чунг кеңінен тарқатып айтып бермек.  Оңтүстік Кореялық ғалым ТКШ энергияны тиімді пайдалануға көшудің ұтымды тұстары және жаңа технологияларда энергияны жинақтау төңірегінде сөз қозғайды.

***********************

ХХ ғасыр – жаңа қалалардың бой көтеруімен ерекшеленді. Бұл үрдіс жаңа мыңжылдықта да жалғасын тапты. Заманауи мегаполистер әлемнің әр түкпірінде пайда болады. Қалалардың қалыптастуына экология, бизнес, сәулет өнері аса қажет. Қазіргі заманғы мегаполис қандай талаптарға сай келуі керек? Осы мәселе төңірегінде әлемге әйгілі сәулетші Азиза Чауни жауап бермек. Ол Мароккодағы Халықаралық құндылық ретінде сақталған Фес қаласының тарихи бөлігін қайта құруға қатысып, өз жобаларымен танымал болған.

***********************

Ұзақ өмір сүру. Қартаю үрдісін тоқтату. Эпидемиялар мен аурулардан құтылу жолдары. Осы және өзге де сұрақтар АЭФ панельдік сессиясында талқыланбақ. Жаңа ғылым саласы ретінде зерттеліп келе жатқан ұзақ ғұмыр сүру мәселесі турасында Энтони Атала айтып береді. Ол адамның зақымданған терісі мен органдарын қайтадан қалпына келтірумен айналысады. Энтони Атала адам мүшелерін 3D форматта жасап шығару бойынша жұмыс істеді.

***********************

Әлем 10 миллиард адамды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу қажеттілігі туындап отыр. Өйткені ғалымдар ГТО пайдалану, пестицидтер мен нитраттарды қолдану –экобаланстың бұзылуына ұласып, әртүрлі аурулар түзуі мүмкін. Ал бүгінде ауыл шаруашылығы өнімді қауіпсіз ете алады ма? Бұл сұрақтың жауабын тамақ өнімдеріндегі ақпарат бойынша Еуропалық Кеңес өкілі Милка Соколович, америкалық биолог Диксон Депомье және жазушы Тристрам Стюарт айтып береді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер