3 күн, 500 әлемдік сарапшы, 11 жаһандық тақырып. АЭФ – Глобал челлендж саммиті жаһандық масштабтағы ең өзекті мәселелерді талқылау үшін жаңартылған сұхбат алаңын қамтамасыз етеді.

Талқыға тасталған тақырыптардың бірі – «БІРЫҢҒАЙ ЭКОНОМИКА ӘЛЕМІ».  Франсуа Олланд бастаған спикерлер жаһандық экономиканың одан әрі өсімін күтеміз бе жоқ па деген сауалға жауап іздейді. Мемлекеттің нарықтық механизмдер мен экономикалық жүйенің тиімділігін жақсартуға қосар үлесі сараланар сессия осы болмақ.

«ЖАҺАНДЫҚ СТРАТЕГИЯ ӘЛЕМІ» -  қарқынды дамып келе жатқан жаһандық өзгерістер – ғаламдық жылыну, ресурстарды пайдалану және халықаралық сауданы тілге тиек етер тақырыптардың бірі.

Зияткерлік технологиялар мен урбанистика «ҚАЛАЛАР ӘЛЕМІ» трекі бойынша сессияларында талқыланады. Сессия спикерлерінің бірі Сингапурдың Мемлекеттік басқару мектебінің жетекші зерттеушісі Параг Ханна – ірі қалаларды дамыту стратегиялары туралы әңгімелейді.

Форумның тағы бір күн тәртібі – «РЕСУРСТАР ӘЛЕМІ». Қатысушылар азық-түлік және ауыз судың жетіспеушілігі, табиғи ресурстардың тапшылығы, жерді мекендеген халықтың саны артып жатқаны туралы тақырыптарға тоқтайды. Сессияның бірін танымал жазушы Тристрам Стюарт жүргізеді.

Дамушы елдердің жаңартылатын энергия көздеріне көшу мәселесі «ЖАҢА ТАЗА ЭНЕРГИЯ ӘЛЕМІНІҢ» күн тәртібіне айналады. Оған жасыл технологиялар жөнінде жетекші орталықтардың өкілдері қатысады.

Сессия тақырыптарының бірі «СИНГУЛЯРЛЫҚ ӘЛЕМ» - жасанды интеллекттің мінез-құлқын болжау туралы сөз етеді. Осынау қызықты да өзекті сұраққа америкалық физик, футурист, жол теориясы авторларының бірі Митио Каку жауап беруі тиіс.

Жаңа сандық шындыққа бейімделу. Бұл «ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМ» сессиясының тақырыбы. Кездесуде белгілі саясаткер Тоомас Ильвес осы тақырып бойынша баяндама жасамақ.

Жаңа қаржы жүйесі туралы «БОЛАШАҚТЫҢ АҚША ӘЛЕМІ» сессиясында айтылады. Бұл сұхбат алаңынан жаңа қаржы дәуірі қашан пайда болатынын білуге болады.

Құпиялылықты сақтау және деректерді алаяқтардан қалай қорғауға болады? Осы және басқа да сұрақтарға жауап «ҒАЛАМДЫ ҚАУІПСІЗДІК ӘЛЕМІ» сессиясы аясында ізделеді. Танымал тұлға Пан Ги Мун аталмыш тақырып бойынша өз пікірімен бөліспек.

Табиғи ақыл-ой мен жасанды интеллект арасындағы шекара қайда? «ЖАҢА АДАМ ӘЛЕМІ» трекі XXI ғасырдың адамдарына және шын мәнінде олардың жаңа әлемдегі өзектілігіне арналады.

Өмір сүру ұзақтығының артуы және халықтың қартаюының жеке мемлекеттердің экономикасына әсер етуі турасында «ҰЗАҚ ҒҰМЫР ӘЛЕМІ» сессиясында сөз қозғалады. Сессиялардың бірінің спикері Регенеративті медицина институтының директоры Энтони Атала екенін айта кетейік.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер