Еуропарламент депутаттары Қазақстандағы ресми сапары аясында ЕХРО қалашығындағы «Нұр әлем» - «Болашақ энергиясы» мұражайын аралады. «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы Ивета Григуле «павильондағы ұлттық рухты сезініп» үлкен әсер алғанын жеткізді. Көрмеден кейінгі пайдалану тұжырымдамасына сәйкес, ЕХРО бірегей стартаптарды жүзеге асыруда инновациялық алаң болады. Бүгінде мұнда Астана халықаралық қаржы орталығы, «Astana Hub» жасыл технологиялар паркі, IT-университет сияқты ауқымды жобалар іске асырылуда. Мәртебелі меймандарды келушілермен тікелей қарым-қатынаста болатын интерактивті экспонаттар да ерекше таңдандырды.

ИВЕТА ГРИГУЛЕ, «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ-ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ» ПАРЛАМЕНТТІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ТЕҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Мұнда барлығы интерактивті болғаны өте жақсы. Яғни, сен өзің тетікті басып ұлттық дүниені қолмен ұстап сезіне аласың, немесе бір ғана түймешекті басып жердің пайда болуын көре аласың. Бұның барлығының жастар, оқушылар мен студенттер үшін оқу құралы ретінде пайдасы зор.

ИОАХИМ ЦЕЛЛЕР, ЕУРОПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ:

- Мен керемет әсер алдым. Менің ойымша, бұл - туристер үшін ең тартымды жер. «Нұр Әлем» павильоны тек әдемі ғана емес, сондай-ақ  ақпарттық-танымдық. Мұнда Энергияны үнемдеу саласы бойынша көптеген бірегей жобалар өз орнын тапқан. Бөліп айта кетерлік қабат ол –  Ғарыш әлемінің тарихы мен болашағы.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер