Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция

Каспий теңізінің мәртебесі туралы конвенцияға Астанада өтетін Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитінде қол қойылады. Құжат теңіздің құқықтық мәртебесі туралы мәселеге нүкте қоюы тиіс. Дегенмен осы бір маңызды компонентсіз-ақ мемлекеттер қауіпсіздік, көлік, табиғатты қорғау және тағы басқа салалар бойынша өзара келісімге келген. Каспий жағалаудағы мемлекеттер үшін бейбітшілік пен өзара ынтымақтастық теңізі болып қала бермек. Олардың айтуынша, теңіздің құқықтық мәртебесі туралы түпкілікті құжатқа қол қою барлық тараптардың мүдделеріне сай келеді.

ХИКМЕТ ГАДЖИЕВ, ӘЗЕРБАЙЖАН СІМ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Каспий маңы мемлекеттері арасында заңды-құқықтық негіз бұрыннан бар. Дегенмен Каспийдің құқықтық мәртебесі стратегиялық сұрақтардың қатарында. Бастысы, қатысушы мемлекеттер өзара серіктестік бойынша құжаттың негізгі бөлігін бекітті.

ФИКРЕТ САДЫХОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

- Каспий құқықтық мәртебесін анықтау бұл мемлекеттер үшін маңызды. Құжаттың Қазақстанда қабылданатынына еш күмәнім жоқ. Ең бастысы, конвенцияның жобасы дайын. Және қарастыру үшін Каспий маңының бестігіне ұсынылды. Бұл өзара серіктестіктің арта түсуіне үлкен сеп болмақ. Сондай-ақ мемлекеттер арасында әр саладағы қарым-қатынас та нығая түспек.

Теңіздің құқықтық мәртебесі Каспий маңы мемлекеттерінің түрлі қауіп-қатерлерге қарсы бірге күресуіне мұрындық болмақ. Ең бастысы, теңіздің ресурстары бейбіт мақсатта пайдаланылады. Бұл маңызды құжатқа қол қоюға ниетті барлық мемлекеттердің ортақ мүддесі болып отыр.