Биыл «Global Challenges Summit 2018» форумына сарапшылар рекордтық көлемде келмек. Қазірдің өзінде  20-дан астам елден 500 делегат пен спикер  айтулы жиынға қатысатынын растап отыр. Олардың қатарында белгілі саясаткерлер, ғалымдар, экономистер, журналистер және қоғам қайраткерлері, әлемдік деңгейдегі халықаралық ұйымдардың өкілдері, қаржы институттары мен бизнес-элита мүшелері бар.

Форумға қатысатынын америкалық өнертапқыш, инженер, программист, әлемге әйгілі Apple компьютер компаниясын құрушылардың бірі – Стивен Возняк та растап отыр. Ол 1976 жылы Рональдо Уэйн және Стив Джобспен бірлесіп, компьютерлік төңкеріс жасап, аталмыш саланы одан әрі дамытқан болатын. Стив Возняк технологиялар саласындағы қажымас еңбегі үшін әлемнің жетекші университеттерінде 10  бірдей құрмет дәрежелі докторы атағына ие болған.

********************************************************************

АЭФ-ның тағы бір спикері – БҰҰ-ның сегізінші Бас хатшысы – Пан Ги Мун. 40 жылдан аса уақытын дипломатия саласына арнап келеді. Қажырлы еңбегінің арқасында жаһандық жылыну мен әлемде бейбітшілік орнату бойынша күрделі мәселелер шешімін тапқан.

******************************************************************

Форумның мәртебелі меймандарының қатарында Франсуа Олланд бар. Ол өз елінде француз экономикасының өсуі және бәсекеге қабілеттілігінің нығаюы жолында маңызды реформалар жүргізді. Олландтың төрағалығымен Парижде 2015 жылдың желтоқсан айында жаһандық климаттық келісім қабылданған болатын.

********************************************************************

Митио Каку – Тегі жапондық америка  физигі.  Митио Каку ішектер теориясы авторларының бірі, теориялық физика мен әлем құрылысы туралы қазіргі тұжырымдамалардың таратушысы. Көптеген кітаптардың авторы аудиторияға қоршаған әлемді одан да түсінікті етіп көрсету үшін, күрделі ғылыми теорияларды қарапайым тілмен жеткізуді өзінің басты міндеті деп есептейді.

*********************************************************************

Астана Экономикалық форумына британ геронтологы, SENS қорының төрағасы және ғылым жөніндегі директоры Обри ди Грей де қатысатынын мақұлдап отыр. Ол – адам өмірі үшін медицина саласындағы маңызды сұрақтар егжей-тегжейлі қарастырған «Ending Aging» ғылыми-танымдық кітабының авторы.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер