Қазақстанда осымен VI рет жаһандық конфессияаралық ауқымды жиын өтеді. Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары Астанада бас қосады. Олардың қатарында Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркениеттер альянсының Жоғарғы өкілі Насир Абдулазиз әл-Насер және «Діндер Бейбітшілік үшін» Дүниежүзілік ұйымының Бас хатшысы Уильям Вендли бар. Бұл туралы олар әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне арналған БҰҰ форумында мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, алғашқы съезд 2003 жылдың қыркүйегінде Астанада өткен болатын. «Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл бастамасы дінаралық диалогты жаһандық деңгейде көтеруге жол ашты. Сенім мен өзара түсіністік негізінде құрылған форум зорлық-зомбылықты, діни экстремизм мен терроризмді жеңуге көмектеседі». Еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Тұрақты Өкілдігі және Өркениеттер Альянсы ұйымдастырған форумның қатысушылары осылай деді.

УИЛЬЯМ ВЕНДЛИ, «ДІНДЕР БЕЙБІТШІЛІК ҮШІН» ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

 - Мен барлық өмірімді осы әлемдік діндер арасындағы ынтымақтастыққа арнадым. Ал, бұл салада Қазақстанның еңбегі ерекше. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының өткен жылғы съезіне қатыстым. Талай тақырыптар талқыға түсті. Болашаққа бейбіт қадам жасауға бағытталған форумның берері мол. Оның қай ел үшін де есте қалар жемістері аз болмайды. Түрлі дін өкілдері бұрын-соңды осынша ауқымда еш елде, еш жерде бас қосқан емес. Қазақстанда алтыншы мәрте жиылып, үлкен алқалы басқосу өткізгелі отыр. Ендеше, Дүниежүзіндегі барша халық бір мүддеге, ортақ арнаға жұмылатын кез келді деген сөз. Мен Қазақстанның бұл игі бастамасына ерекше қуанышпен қараймын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер