Қазақстан халқы Ассамблеясы – ұлтаралық келісімнің бірегей үлгісі. Әлемде баламасы жоқ институттың тәжірибесі өзге елдер үшін қызықты. Мысалы, Ресей халқы Ассамблеясы 1998 жылы, яғни Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғаннан соң, 6 жылдан кейін пайда болды. Осылайша, ресейліктер мемлекеттің және ұлттық-мәдени бірлестіктердің құрылуындағы бірегей қазақстандық тәжірибені үлгі етті.

СВЕТЛАНА СМИРНОВА,  РЕСЕЙ ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

 - Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің үлкен ағамыз іспеттес. Себебі солардың тәжірибесін зерттеп, үлгі етіп жүрміз. Олардың көптеген жобалары біз үшін де, еліміз үшін де пайдалы. Қазақстан халқы Ассамблеясының арқасында елде тұрып жатқан әр түрлі елдің өкілдері бір ананың баласындай бірлікте өмір сүреді.

Сондай-ақ ресейлік әріптестер Қазақстан халқы Ассамблеясының беделіне  ерекше баға беріп отыр. Бірегей институтқа Елбасының өзі жетекшілік етуі  Қазақстанда ұлттық саясат мәселелеріне жіті көңіл бөлінетінін дәлелдейді.  

ВЛАДИМИР ЗОРИН, РФ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ:

 - Елде бейбітшілік, достық, ынтымақтастық қарым-қатынасы орнаған. Бұның барлығы Қазақстанның салт-дәстүріне тікелей байланысты. Және елдегі саясат пен тәжірибе де соның дәлелі.

НАЗИРЖОН АБДУГАНИЕВ, РЕСЕЙ ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Біз үшін Қазақстандағы әріптестерімізбен бірге жұмыс істеу – үлкен абырой. Себебі сіздер бірінші болып Қазақстан халқы Ассамблеясын құрып,  бізге үлгі болдыңыздар. Екіжақты серіктестігіміз арта берсін дегім келеді.

Ассамблеядан бөлек, Ресейде ұлттық саясатпен Мемлекеттік Думаның ұлттар комитеті және Ұлттар федералдық агенттігі айналысады. Барлық үш департамент те Қазақстан халқы Ассамблеясымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер