Қазақстан мен Қытайдың дипломатиялық байланысы нығая түсуде

Қазақстан мен Қытайдың дипломатиялық байланысы нығая түсуде

Қазақстан мен Қытайдың дипломатиялық байланысы нығая түсуде. Халық Республикасының біздің елдегі төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэйдің айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттер арасында тығыз әріптестік орнаған. Көлік, сауда, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы сынды салаларды ерекше атап өтуге болады. Қазақстан мен Қытай әріптестігінің нығаюында «Бір белдеу, бір жол» бастамасының рөлі ерекше, - дейді дипломат. Қытайға бұл жоба Қазақстан арқылы Еуропаға жол ашты. Біздің еліміз, өз кезегінде  Қытайдағы Ляньюньган порты арқылы Тынық мұхитының сауда жолдарына шыға алады.