Елбасы жолдауы: Қазақстанға инвестиция тарту

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанға 300 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей шетел инвестициялары тартылды. Елбасы ел халқына арнаған жолдауында осындай мәлімет келтірді. Бұл әлемдік ірі компаниялардың республика экономикасына сенімділікпен қарайтынының бірден бір дәлелі. Қазақстанның басты инвесторларының бірі – Ұлыбритания біздегі жобаларға шамамен 13 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы құйды. Британдық инвесторлардың қызығушылықтары шикізат секторымен шектелмейді. Шетелдік кәсіпкерлерді елімізде жасалып жатқан қолайлы инвестициялық жағдай қуантады.  

КРИСТОФЕР МАРКС, ҚАРЖЫ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДАМУШЫ НАРЫҚТАР БОЙЫНША БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 - Менің ойымша, Қазақстан үкіметінің стратегиялық бағдарламаларында таң қалдыратын жайт – мәселенің өзектілігі және болашаққа деген айқын бағдар. Бұл – ағылшындардың инвесторлар қоры үшін өте мықты месседж. Өйткені олар үшін нақтылық пен сенімділік керек.

Президент өз жолдауында ірі әрі серпінді жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторлармен бірлесіп, Шикізаттық емес секторға бөлінетін тікелей инвестиция қорын құру мәселесін қарастыруды тапсырды. Осы ретте Қазақстан қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру шараларын жалғастыру қажет деді. Бұл бағытта ел үкіметі атқарып жатқан жұмыстар қазірдің өзінде шетелдік сарапшылардың жоғары бағасына ие болып отыр.

УРБАН РУСНАК, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ХАРТИЯ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Мемлекеттің даму әлеуеті мол. Инвестицияға жақсы жағдай жасалса, инвесторларға да жұмыс істеу жеңілдейді, инвестиция да арзанға түседі. Бұл халық үшін де, инвесторлар үшін де тиімді. Қазақстанда жоғары деңгейдегі Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрылғаны керемет болды, мен оның отырыстарына бірнеше рет қатыстым. Осындай шараларды көріп, Қазақстанның экономиканың барлық салаларына көптеген инвесторларды қалай тартқанын түсінесің. Ақылды жүргізілген инвестициялық саясаттың нақты жемістеріне бәріміз куә болып отырмыз.

У страны есть большой потенциал для развития. Чем лучше условия для инвестиций, тем легче инвесторам и дешевле инвестирование: это выгодная ситуация и для народа, и для инвесторов. Превосходно, что в Казахстане создан Совет иностранных инвесторов высокого уровня, я несколько раз участвовал в его заседаниях. Казахстан прошел долгий путь по созданию инвестиционных возможностей. Итоги этой работы показали всему региону, что здравая инвестполитика и ее реализация могут принести огромную пользу для нации.