«Қазақстанның 100 жаңа есімі» II кезең: Ақтөбе өңірінен 101 өтініш келген

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңіне ел аймақтарынан өтініштер түсіп жатыр. Мысалы, бір Ақтөбе өңірінен 101 өтініш келген. Олардың ішінен 64 адамның мәліметі  іріктеліп, арнайы комиссияның қарауына жіберілген. Үздік деген 19 тұлға таңдалып, олар онлайн дауыс беруге қатысатын болды. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесіп өткізетін шараның мақсаты – ел дамуына үлес қосып, өзгелерге өнеге болып отырған тұлғаларды халыққа таныту. Ол үшін бастамашыл топтар елді аралап, халықтың пікірін білген еді. Лайық деген үміткерді кәсіпорындар мен мекемелер де ұсынған.  Яғни әр салада жетістікке жеткен білікті мамандардың еңбегі бағаланады. Онлайн дауыс беру El.kz порталында өткізіледі.

БАҚЫТГҮЛ СЫНАБАЕВА, ОБЛЫС ӘКІМДІГІ АППАРАТЫНЫҢ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» ҚММ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 -  Тамыз айынан бастап біз Ақтөбе, яғни бүкіл облыс тұрғындарынан үміткерлерді жинақтаған болатынбыз. Олар – әртүрлі саланың мамандары. Біреуі мәдениет саласының, екіншісі журналист, ал бірі кәсіпкерлер болса, енді бірі болса кәсіби қызметкер. Соның ішінде Қазақстан халық Ассамблеясынан 3 өкіл, этно-мәдени бірлестік өкілі бар. Мақтан тұтатыны, осы екінші кезңде, ҮЕҰ азаматтары осы жобаға еніп тұр.