Елбасы жолдауы: Сарапшылар пікірі

Қазақстан Президентінің Жолдауы – бұл тарихи маңызды құжат қана емес, бұл ең алдымен тұрақты, дамыған мемлекет құру жолындағы жүйелі жоспарлы бағдарлама. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауының еліміздің әрбір тұрғыны мен мекеме-ұйымы үшін маңыздылығы жоғары болмақ. 

НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

-  Елбасы Жолдауы – еліміз алғаш тәуелсіздік алған жылдардан бастап айқындаған даму бағытының нақты жалғасы. Бірінші кезекте қай уақытта да, әлеуметтің әлеуетін арттыруға басымдық беріліп келеді. Бұл Жолдау өмір сапасын жоғарылатудың жаһандық стратегиясын таныстырады. Бұл кең ауқымды қамтыған тарихи құжаттың дәл қазір, әлемде геосаяси және экономикалық ахуал түйіні тарқатылмай тұрғанда қабылдануы біз үшін үлкен шешім болды. Сол арқылы Елбасы елді жаңа даму деңгейіне көтеріп, халықты бір мақсатқа біріктіретін өзінің көрегендігін, тарихи батылдығын байқатты.

Президент Жолдауының және бір маңызды тұсы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға басымдық беруі болды. Мемлекет басшысы «Бизнестің Жол картасы» бағдарламасының маңыздылығын ескертіп өтті. Қазақстан Бүкіләлемдік банктің бизнес жүргізу жөніндегі рейтингінде 190 елдің ішінде 36-шы орынға ие болды. Мәжіліс депутаты Азам Перуашев оған көптеген кәсіпкерлердің «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын ұзартуға ықпал етуге бірнеше мәрте өтініш бергенін айтады.

АЗАТ ПЕРУАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

– Өзімізді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін аса көп инвестиция, қуатты технология қажет емес, бұл қарапайым, жеңіл экономика. Сондықтан ол Үкіметке ішкі нарық үшін жаппай тұтыным тауарларын өндіруге қолдау білдіруді тапсырды. Бұл өте маңызды іс, себебі, ірі қалада тігін фабрикалары, азық түлік шығаратын шағын және орта кәсіпорындар бар.