«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының II кезеңінде жастарға басымдық берілмек

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының II кезеңінде жастарға басымдық берілмек. Бұл туралы жастар ұйымдарының басшыларымен кездесу кезінде «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев хабарлады. Айта кетейік, қазір жоба сайтында қатысушылардан өтінімдер қабылдау жалғасуда. Науқан қазан айының ортасына дейін жалғасады. Артынша, қазақстандықтар онлайн дауыс беру арқылы ел дамуына елеулі еңбек сіңіріп жүрген отандастарының жүздігін таңдайды.

ЕЛЕНА ДМИТРИЕНКО, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:

 - Елбасымыз ұсынған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» бастамасының біз үшін маңызы өте зор. Себебі бұл жобаның арқасында халық жаңа тың идеяларымен көзге түсіп, әр түрлі салада жетістіктерге жеткен және еліміздің абыройын асқақтатып жүрген дарынды жастарымызды танып біле алады. Біз де олардың мүмкіндіктерін барша әлемге танытуымыз қажет.