«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: Медет Шотабаев

«Қыз Жібек» операсындағы Төлеген, «Мадам Баттерфляйдағы» Пинкертон, «Травиатадағы» Альфред, «Богемадағы» Рудольф. Осы кейіпкерлердің барлығы – «Астана Опера» театрының жетекші солисі Медет Шотабаев сахнада сомдаған бейнелер.  

Тенор табысқа жетудің сыры тынымсыз еңбекте, деп біледі. «100 жаңа есім» жобасында Медет Шотабаев жеңімпаздарды қатарынан көрінуім де сол еңбектің нәтижесі дейді. Оның айтуынша, мұндай шаралар жастарды отансүйгіш, еңбекқор, білімді  және табысты болуға үндейді.

МЕДЕТ ШОТАБАЕВ, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ СОЛИСІ:

 - Әрине осындай жобалар болашаққа, ұрпағымызға, отанымызға қажет. Бұл жастарға жол ашатынына сенімдімін. 

«100 жаңа есім» жобасының жүлдегері Медет Шотабаев бүгінде Австралияда өнер көрсуге дайындалып жүр. Қазақстандық өнер жұлдызы композитор Рихард Вагнердің ең күрделі «Нюрнбергские мейстерзингеры» операсында Давидтің партиясын орындайды. Бұған дейін ол әлемнің бірнеше елінде  қазақ, орыс, италия, француз, ағылшын және испан тілдерінде өнер көрсеткен. Ал бұл опера неміс тілінде қойылады. Сондықтан тенор партияның орындалу техникасына ерекше мән беріп, мұқият дайындалып жатыр.   

МЕДЕТ ШОТАБАЕВ, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ СОЛИСІ:

 - Биыл қазан айының басында Австралияға ұшамын. 2 ай уақыт бойы сонда боламын. Бір айдай дайындық болса, екінші айда қойылымдар басталады. Репитициялар Сиднейдің опера театрында болады. Ал спектакльдер Мельбурн деген астанасында болады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаев биыл 2 бірдей марапатқа ие болды. Алғашқысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы Мемлекеттік стипендиясы. Ал «Италия жұлдызы» ордені екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін табысталды.