«Музей ісінің үздігі» жобасы - Kazakh TV

Елімізде тұңғыш рет музей ісі мамандарына арналған энциклопедия жарық көрмек. Жобаны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлттық музей жүзеге асыруда. Мақсат – музей саласының беделін арттыру. Екі тілдегі басылымға 10 жылдан астам тәжірибесі бар білікті мамандардың жетістіктері жайлы ақпарат енбек. Жоба авторлары бұл энециклопедия музейлер мен мәдени мекемелер үшін құнды басылым болады деген ойда. Энциклопедия таныстырылымы осы жылдың қыркүйек айына жоспарланған. Шара барысында музей ісінің үздік қызметкерлері марапатталмақ. Сондай-ақ олардың есімдері энциклопедияға енетін болады.

РЫСКҮЛ БЕКТАЛИЕВА, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІ БАС ҚОР САҚТАУШЫСЫ:

 - Осы энциклопедияның өзі әрине жас ұрпаққа өнеге. Біздің алдыңғы толқын ағаларымыз болды. Біздің музейлер өзінен өзі орнай қалған жоқ. Біздің республикамызда 238 музей бар деп анықталды. Олардың алтауы республикалық дәрежеде.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер