«100 жаңа есім» жалпы ұлттық жобасының II кезеңі басталды

«100 жаңа есім» жалпы ұлттық жобасының II кезеңі басталды. Бүгінде ақпарат және коммуникация министрлігі өтінімдерді қабылдауды жүргізіп жатыр. Өтініштер қыркүйектің 10-на дейін қабылданады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, үміткерлер кәсіби ортада үздік нәтижеге жеткен және жоғары жеке қаситеттерге ие болуы тиіс. Ал сараптамалық топ өтінімдер пулын қарастырып, кезекті үміткерлер тізімін жариялайды. Қазақстандықтар 20 қыркүйек пен 10 қазан аралығында көрнекті азаматтарды дауыс беру арқылы анықтайды. Сондай-ақ дауыс берушілер el.kz. порталында да өз дауыстарын бере алады.

АСХАТ ОРАЛОВ, ҚР ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ЖАСТАР САЯСАТЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  Бізге өз заманымыздың батырлары керек. Олардың қол жеткізген табыстарын насихаттау арқылы, әсіресе жастарға өзін-өзі тануына мүмкіндік береміз.  «Рухани жаңғыру» дегеніміз – бұл білім алу, бірнеше тілді меңгеру, дамуға ұмтылу, зайырлы құндылықтарды насихаттау. Өсіп келе жатқан жас ұрпақ, жастар өмірде өз орнын тауып, сол арқылы өзін-өзі танып-білуі тиіс. «100 жаңа есім» жобасының бірінші кезеңіне кірген қатысушылар халыққа танымал болды, бұл олардың өмірлеріне оң әсер етті.

Тағы бір ерекшелік, «100 жаңа есім» жобасының бұл кезеңінде жастарға басымдық берілмек. Сол себепті салалық қауымдастықтардың, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің өкілдеріне жеке және кәсіби өмірде толағай табыстарға жеткен жас қазақстандықтардың тізімдерін жасақтау туралы ұсыныс беріліп отыр.