Қазақстандық мектеп оқушылары латын әліпбиін тұңғыш рет сынақтан өткізді - Kazakh TV

Қазақ тілінің латын қарпіндегі әліпби тұңғыш рет сынақтан өткізілді. Алдымен жаңа үлгідегі латын әріптермен мектеп оқушылары жазып көрді. Сынақ тапсырған 300 оқушы арнайы дайындалған кітапшаға «щ», «ц», «э», жіңішкелік белгісі мен «ю» әріптеріне өз нұсқаларын жазды. Мамандар осындай тәжірибені енді еліміздің барлық өңірінде, алдымен оқушыларға, одан соң ересектер мен мемлекеттік қызметкерлерге өткізбек. Жаңа оқулықтарға көшу бойынша былтыр қабылданған 4 жылдық бағдарлама бар. Оған сәйкес, барлық сынып оқулықтары кезең-кезеңімен жаңа мазмұнда қайта басылып шығады. 2020 жылдан бастап барлық мектепте нөлінші сынып оқу бағдарламасына енеді. Қажетті оқу-құралдары да дайындалып қойған.

ҚУАТ БОРАШЕВ, ҚР МСМ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Емле-ережелері бойынша жұмыстың басталғанына қазір 1 айдан астам уақыт өтті. Бізге арнайы жұмыс жоспарының кестесі бекітілген. Ол қыркүйек айына дейін жалғасатын болады. Қазіргі уақытта емле ережелерінің 75 пайызы әзірленді. Біз осымен қоса жасалған емле ережесінің жобаларын сынақтан қатар өткізіп отыруды жоспарлап отырмыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер