«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: Зүлфия Ғабидуллина

«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: Зүлфия Ғабидуллина

Олар өз жетістіктерімен өмірді өзгертеді, олардың табыс тарихы – ерлік, дарын мен кәсібилік. Олар – біздің заманымыздың қаһармандары, олардың әрқайсысы – ел мақтанышы.  «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатарын Зүлфия Ғабидуллина толықтырып отыр. Ерік-жігері мен табандылығы оны жеңіс тұғырына көтеріп,  жүзуден еліміздің тұңғыш жазғы паралимпиада чемпионы атандырды. Бүгінде атақты спортшының қоржынында 200-ден астам медаль бар. Қазақстанның атын дүниежүзіне танытып жүрген жігерлі тұлғаЗүлфия биыл қазан айында Индонезияда өтетін параазиялық ойындарға дайындалу үстінде.

ЗҮЛЬФИЯ ҒАБИДУЛЛИНА, ЖҮЗУДЕН ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:

 - Менің сүйікті қызым – өміріме қуат беріп тұрған батарея іспеттес. Ол маған тоқтап қалуға жол бермейді. Ең бастысы ерінбеу керек және өз ісіңді, мамандығыңды сүю керек.  Сүйе білген кезде барлығы әлдеқайда қызығырақ, қорықпай алға жүресің.

САТТАР БЕЙСЕМБАЕВ, ЖҮЗУДЕН ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

 - Талапкер адам, өте еңбекқор, жауапты, жаттығулардан қалмайды. Өмірге махаббатпен қарайды. «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазына лайықты адам. Біз алға қойған жоспарларымызды, Қазақстан үшін 150-200%-ға орындадық деп ойлаймын.

«100 жаңа есім» жобасының тағы бір жеңімпазы 2000 баланың аяққа нық тұруына көмек берген. Оған Қазақстан мен Ресейдің түкпір-түкпірінен балаларды әкеледі. Қарағандылық ортопед Роза Әлімханова – тірек-қимыл аппаратының туа біткен кемістігін емдеу әдістемесінің авторы. Өзінің ғылыми ізденіс процессінде дәрігер-жаңашыл дәстүрлі оталық араласу және күш қолданудан бас тартқан. Оның емдеу әдісі – аяқ-қол бұлшық еттерін босаңсытуға негізделеп отыр. 

РОЗА ӘЛІМХАНОВА, ДӘРІГЕР-ЖАҢАШЫЛ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Адам табаны пішінің өзгеруінің 247 түрі бар. Ортопедиядаға қазіргі емдеу әдістері ескірген. Психикалық дамуы қалыпты бала, болашақта мүгедекке айналып жатыр. Бұрын ортопед мамандар табанды тартып, емдейтін. Алайда мен бар мәселе табанда емес, жамбас пен сирақ бұлшық еттеріндегі процессте екендігін түсіндім.

Ғылым докторы 30-дан астам инновацияларға патент алып, халықаралық деңгейде мойындалған. Талантты дәрігерді Еуропа мен Қытай елдері жұмысқа шақыруда. Бірақ Роза Әлімханованың арманы өз отанында арнайы мамандандырылған емдеу орталығын ашу.