Елбасы ұсынған әлеуметтік бастамалардың бірі: елді-мекендерді газдандыру бойынша Алматы облысындағы 20 ауданның 14-і көгілдір отын жүйесіне көшірілді.  Сондай-ақ белгіленген уақытта сәл ертерек Талдықорған-Үшарал магистральды газ құбырының құрылысы басталмақ. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмысы жүріп жатыр. Жалпы облысты газбен қамтамасыз ету мәселесі 2020 жылы толық аяқталады. 

АСЕТ ҚАНАҒАТОВ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Бастапқыда бізде 741 елді мекенің 473-і газдандырылған еді. Құжаттмада Кеген мен Нарынқол есепке алынбаған. Ал қазір шекара маңы аумақтарын дамытуды ескере отырып, бұл елді-мекендерге де жобалық сметалық құжаттама әзірленетін болады. Кейін газбен қамтамасыз етіледі. Биыл құжаттаманы дайындап, ал келер жылы құрылысты бастауға кірісеміз.

Ал «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана» бағыты бойынша салынатын «Сарыарқа» магистральды газ құбыры аяқталған соң, 2020 жылы Жезқазған қаласынан 10 шақырым жерде газ тарататын станция салынбақ. Қазір оның жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Бұған қоса қала ішіне тартылатын құбыр жүйесінің сызбасы жасалған.

НҰРЖАН ОРЫНБАЕВ, ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бірінші кезекте осы қазіргі тұрған Бекболат сай, Қостангелді ықшам аудандарын, Геология елді-мекенін, сондай-ақ вокзал аумағындағы елді-мекенді, 91, 95-ші орамдарды, бір сөзбен айтқанда, қазіргі таңда жылу жеткіліксіз болып тұрған ықшам аудандарды қамтитын боламыз.

Екінші кезекте қаланың негізгі бөлігі – көпқабатты үйлерге газ тартылмақ. Қазір ол жұмысты жүйелі түрде жүзеге асырудың тетіктері қарастырылып жатыр. Айта кету керек, газ құбырының 820 шақырымы Қарағанды облысы арқылы өтеді. Сондықтан болашақта өңірдегі 5 ірі қала мен 119 елді-мекен көгілдір отынмен қамтамасыз етілмек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер