Биыл Елбасының 5 бастамасын іске асыру аясында шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізу көзделген. Бұл шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға сеп болмақ. Әлеуметтік бастамалар, әсіресе ауылдағы ағайынға демеу, дейді кәсіпкер Александр Гейман. Ол 2016 жылы «Ырыс» бағдарламасы бойынша мемлекеттен жеңілдетілген несие рәсімдеп, асыл тұқымды ірі қара сатып алды. Жоба құны 43,5 миллион теңге. Енді  шаруа ауылда тауарлы-сүт фермасын құрды.

АЛЕКСАНДР ГЕЙМАН, КӘСІПКЕР:

 - Қазір малмен қатар, сүттің әр литріне субсидия аламыз. Оның үстіне Елбасы биылдан бастап шағын несиелер санын ұлғайтуды тапсырды. Бұл мүмкіндікті мейлінше пайдаланып қалмақ ниеттеміз.

Бүгінде шаруашылықта 700-ден астам ірі қара бар. Оның 73-і – сауынды сиыр. Олардан күніне 800 литрге жуық сүт алынады. Ақтың жартысы жаңа туған төлдерге берілсе, қалғанын қайта өңдеу зауытына тапсырады.

АННА НЕПОПУЩ, ФЕРМА МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Сиырларды тәулігіне үш мәрте сауамыз. Ақ мына қоймада сақталады. Ал, өнімімізді екі күнде бір рет қаладан көлік келіп, өздері алып кетеді.

Жалпы, өткен жылы Солтүстік Қазақстанда 700-ден астам азамат мемлекет қолдауын сезінді. Ал, биыл нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына 1,7 миллард теңге қарастырылып отыр.  Ал, өңірде 2014 жылдан бастап, 740 миллион теңгенің 20 сүт-тауарлы фермасы қаржыландырылған екен. Бүгінде олардың барлығы сәтті жұмыс істеп тұр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер