Сергей Пономарев

Сергей Пономарев

Сергей Пономарев - TALK TO NATURE бағдарламасының жүргізушісі және авторы.

Сергей Пономарев - отандық журналистикада 30 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан кәсіби маман. Көрерменге тәжірибелі тілші, «Хабар» мен КТК телеарналарының ақпаратты-сараптамалық бағдарламаларының жүргізушісі, сондай-ақ, Ресейдің «Бірінші Арна» мен НТВ арнасының Орталық Азия бойынша тілшісі ретінде танымал. Сонымен қатар, Сергей Пономарев үш жыл бойы «Хабар» арнасындағы «Бармысың, бауырым?» атты апталық іздеу телешоуын жүргізген. БАҚ өзара байланыс орнату жолдары бойынша кеңес беріп, медиатренингтер де өткізеді. Сергей Пономарев - көптен бері отандық экология мен биологияны, жануарлар мен өсімдіктер әлемін жан-жақты зерттеп келе жатқан журналист ретінде, экологиялық шараларды ұйымдастырып, өткізуге белсенді ат салысуда. Сондай-ақ, ол бірқатар мемлекеттік ұйымдардың Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Қызыл кітапқа енгізілген түркімен құландарын, Пржевальский жылқылары мен тарпан жабайы жылқысын шетелден Қазақстан аумағына әкеліп, жерсіндіруге бағытталған зоологиялық шараларға да қатысқан. Танымал тілші балық аулап, аңға шыққанды, табиғат аясында демалғанды ұнатады.