Самат Толықбай

Самат Толықбай

Самат Толықбай, журналист, тележүргізуші, шоумен. Алтай тауының етегінде,Шығыс Қазақстанда дүниеге келген.Бала күнінде әке -шешесі Саматты атасының жолын қуып,болашақта бухгалтер болады деп сенген. Мектеп бітіргеннен кейін Самат ата-анасының көңілін қалдырмай, «Нархоз» университетіне оқуға түседі. Алайда қаржыгер мамандығы бойынша қызмет етпейді. Өйткені болашақ журналист жастайынан әдебиетке жақын болатын,өлең шығаратын. Самат дипломын қолына алған соң, офистағы жұмыстан бас тартып, телевизия саласына барады. Журналистің өмірлік қағидасы: алдына қойған мақсатына жету. Отбасында бақытты жан. Ұл-қыз тәрбиелеп отыр.