Марат Тоқмағамбет

Марат Тоқмағамбет

Марат Тоқмағамбет - "Sports Nation" бағдарламасының жүргізушісі әрі сценарий авторы.

Дәмді тағамдар мен футболды ерекше жақсы көреді. Бұдан бөлек, су спортына, баскетболға және үстел теннисіне қызығады. Ол спорт жанкүйері болғандықтан, әрдайым көрермендерді жігерлендіруге және өзінің бағдарламалары арқылы ел спортының дамуындағы кедергілерді жоюға тырысады. Сондай-ақ, белсенді, ешқашан кешікпейтін, кез келген жағдайға жан-жақты қарайтын және көптілді тұлғаларды заманауи қазақстандықтар деп есептейді. Оның бағдарламасы да дәл осындай азаматтарға арналған.