Максим Левитин

Максим Левитин

«Outdoor KZ» бағдарламасының жүргізушісі Максим Левитин –табиғат пен саяхат туралы жазылған көптеген мақалалардың авторы, жабайы табиғат операторы, Орталық Азия бойынша қызықты турлардың ұйымдас-тырушысы. Ол Қазақстанның адам аяғы жете бермейтін талай жеріне барған, біздің көрерменімізге әдемі ландшафтар, хайуанаттар әлемі, айрықша қорғауға алынған аймақтар, жабайы табиғат ресурстарын рет-теудегі проблемалар туралы көп нәрсе айта алады. Оның бәрі жұрттан естігені емес, өз көзі-мен көргені. «OutdoorKZ» жобасы 2017 жылы «Үздік операторлық жұмыс» номинациясы бойынша, «Тұмар» марапатын иеленді. «OutdoorKZ» түсірілім тобының саяхатына Қазақстан мен Орталық Азияның қызықты жерлері туралы айтары бар мамандар, сондай-ақ, жай ғана табиғатты жақсы көретін адамдар қатыса алады.