Ләззат Шатаева

Ләззат Шатаева

Ләззат Шатаева - Kazakh TV телеарнасының халықаралық ақпараттық бөлімінің жетекшісі. Сонымен қатар «The Nomads» тарихи реалити-шоуының жүргізушісі.

Ләззат өзінің телевизия саласындағы еңбек жолын 2013 жылы ағылшын тіліндегі жаңалықтар продюсері ретінде бастаған. Содан бері ол бірнеше ақпараттық бағдарламалардың жүргізушісі болды.

«The Astana Times» газетінде тілші және цифрлық мазмұнды өндіруші маман болып қызмет етті.

Ляззат АҚШ-тағы Нью-Йорк университетінің магистр дәрежесін алды. Джорджия университетінде мультимедиа журналистикасы және Біріккен Вена институтында қаржылық журналистика бойынша тренингтен өтті. Сондай-ақ, Euronews-тің жаңалықтар өндірісі бойынша оқу курсын аяқтады.