Инна Рудакова

Инна Рудакова

Рудакова Инна - «Reflections on History» тарихи жоба авторы және жүргізушісі. Бағдарлама шығарылымдарының бірі 2014 жылы «Со-творение» атты халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды.

Инна Алматыда туған, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тәмәмдады. Кәсіби қызметін 1998 жылы «Хабар» радиосында дикторлықтан бастады. Бір жылдары «Портрет недели» бағдарламасының шеф-редакторы, КТК және НТК арналарында түрлі жоба авторы әрі жүргізшісі ретінде қызметтер атқарды. 2003 жылы халықаралық «Золотой глагол» байқауының жүлдесіне ие болды.

2004 жылы «Хабар» АҚ ақпараттар бағдарламасы дирекциясына жетекшілік етті. 2005 жылы Инна «Ерен еңбегі үшiн» медалімен марапатталды. КТК арнасының жеке бағдарламалар өндірісіне басшылық етті. 2006 жылы Инна «Еуразия бірінші арнасы» директорының орынбасары болып тағайындалды.