Дэнис Кин

Дэнис Кин

Дэнис Кин - Discovering Kazakhstan бағдарламасының жүргізушісі.

Дэнис Калифорнияда туып-өскен. Ер жеткен шағында ол Қазақстанға саяхаттап келіп, Орталық Азия аймағына шексіз ғашық болып қалады. Осы сәттен бастап Дэнис Стэнфорд университетінде оқи жүріп, қазақ және орыс тілін меңгеруді қолға алады. Алматыға екінші мәрте келген тұсында ол Walking Almaty туристік блогының негізін қалайды, сондай-ақ кеңес заманына тән мозайкалар мен көшенің монументалды өнері жайлы Monumental Almaty жобасын жүзеге асырады. Біраз жыл бұрын Дэнис Әдиса есімді қызға сырға салып, қазаққа күйеу бала атанған.