Андрей Сложин

Андрей Сложин

Андрей Сложин- «Time Puzzle» бағдарламасы сценарийінің авторы және жүргізушісі.

Андрей Сложин 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Кейіннен түрлі баспасөз мекемелерінде жұмыс істейді. Телевидениеге 2010 жылы келді. Ол 2012 жылы Қазақстандағы алғаш экстремалға толы «100% өмір» атты жобасын шығарады. Бұл жобада Андрей көрермендерге күш-жігер мен құлшыныстың батыл қадамдарға жетелейтінін жеке тәжірибесі арқылы көрсете білді. Ол түрлі тақырыптарға арналған көптеген деректі фильмдердің сценариін жазды, «Алматы» телеарнасында тілші болып қызмет атқарды. 2016 жылдан бастап «ТIME PUZZLE - Тылсым дүние» жобасының авторы әрі жүргізушісі.