, AST Валюта бағамы:      USD 182.05   RUB 3.01   EUR 224.34   CNY 29.3   GBP 283.89   KGS 3.16  

Қазақстан

HomeЖаңалықтарҚазақстанБолашақ ата-аналарға арналған мектеп

Болашақ ата-аналарға арналған мектеп

06.01.2014 16:47

Бала асырап алуға ниет білдіргендер енді арнайы мектепке барып, тәжірибе жинақтайды.  Бұл мектепке келушілер баламен тіл табысуды үйреніп, заңгер кеңесін ала алады. Қанатқақты жобаның мақсаты - осы. Болашақ ата-аналар мен асыранды бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Людмила ВАЛЫНСКИХ, ПСИХОЛОГ:
- Баланы асырап алу үшін түрлі себеп бар. Кейбірі бала көтере алмаса, басқа отбасылар материалдық жағдайын шешу үшін бұл қадамға барады. Ондай адамдарды біз ерте уақытта анықтап алуымыз керек. Сондықтан барлық үміткерді қатаң тексереміз.

Бір сөзбен айтқанда, бала асырап алушылар арнайы сынақтан өтуі керек. Және нағыз ата-ана болуға лайықты екендіктерін дәлелдеуі тиіс. Мектептер үміткерлерге өз міндетін түсіндіру мақсатында ашылған. Еліміз бойынша 117 оқыту мекемесі бар.

Диас ӘБІЛДАЕВ, ҚР БҒМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
- Болашақ ата-аналар мектебінде семинар, тренинг, оқыту курстары өткізіледі. Ал құқықтық көмек алу үшін, заңгерге жүгінуге болады. Сондай-ақ психолог мамандары түрлі бағыт бойынша кеңес беріп оқытады.

Болашақ ата-аналарға арналған мектеп қабырғасында бәрін қамтуға тырысады. Оның ішінде баламен қосылып үй жинау, коньки теуіп, тамақ пісіру секілді үй шарулары кіреді.  Мамандардың айтуынша бірлесе атқарған істің арқасында қиындықты еңсеруге болады.

Людмила ВАЛЫНСКИХ, ПСИХОЛОГ:
- Кейде ата-аналардың өзі балалар секілді армандағыш кездеседі. Бала асырап алсам бақытты болам дейтіндері бар. Бірақ бәрі ойлағандай бола бермейді. Біздің міндетіміз ата-аналарды алдын-ала дайындау.

 

сурет bala-kyzylorda.kz сайтынан



Пікір қосу
0
Войти через социальные сети: