, AST Валюта бағамы:      USD 183,53   RUB 5,24   EUR 248,3   CNY 29,57   GBP 313,95   KGS 3,55  

Қазақстан

HomeЖаңалықтарҚазақстанҚымбат медициналық аспаптар тегін беріледі

Қымбат медициналық аспаптар тегін беріледі

07.11.2013 20:44

Инсулин жетіспейтін балаларға мемлекеттен жәрдем жасалады. Қостанайда қант диабетімен  ауыратындарға арналған заманауи құралдың жаңа партиясы әкелінді. Бағасы 4 жарым мың АҚШ доллары тұратын аспап, бұл жолы он балаға бұйырды. Көлемі сіріңке  қорабындай ғана құрал, балдырғандарды екпе салу машақатынан құтқарды. Помпалардың картридждерін ай сайын толтырып тұру қажет. Оның  құтысы денедегі инсулинді тұрақты ұстап тұрады. Аспаптарды 1 рет азықтандыру 50 мың теңге. Ол мемлекет есебінен төленеді.

Нина СҮЛЕЙМЕНОВА, ЕМДЕЛУШІНІҢ ӘЖЕСІ:
- Біз бұған дейін күніне 4 рет егетінбіз. Немерем мектепте  жүргенде де алаңдап болатынбыз. Помпа қойылғалы уайымнан арылдық. Қандай тамақ ішу керек екенін құрал көрсетіп отырады. Ағытып қойып суға да түсе  алады Ойнағанда да кедергісі жоқ. Кәдімгі қалта телефоны іспетті.  

Қостанай облысы бойынша, қант диабетінің бірінші типімен ауыратын 15 жасқа дейінгі 94 бала есепке алынған. Помпалар бұған дейін 27 пациентке  берілген. Келер жылы тағы да 40 емделуі заманауи аспаппен қамтамасыз етіледі. 



Пікір қосу
0
Войти через социальные сети: