Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясын ашты. Жыл сайын халық бірлігі күні қарсаңында өткізілетін шараның биылғы тақырыбы – 5 әлеуметтік бастаманы іске асыру. Президент аталған бағдарлама мультипликативті әсер беретінін тілге тиек етті. Ол, сондай-ақ қоғам бірлігінің бірегей алаңына айналған Ассамблея қызметінің маңыздылығына тоқталды. Бұл «институт – елдегі бейбітшілік пен келісімнің сақтаушысы» деп атап, 5 бастама халықтың біртұтастығын нығайтуға бағытталғанын жеткізді. Сессияға Ассамблея мүшелері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдері, достық елшілері қатысты.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Ішкі ауызбіршілігі жарасқан елдер жаһандану дәуірінде әлемде көшбастайтын мемлекетке айналатыны ешкімге де құпия емес. Осы ынтымақтың негізінде елдер заман ағымына ілесіп жетіліп тұрады. Біз де осы жолға түстік. «Рухани жаңғыру» және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты жобалардың да көздегені осы. Сондықтан еліміз қолға алған әлеуметті бір мүддеге ұю жобасы біртұтас ұлт құру жолындағы басым бағыттардың бірі деп санаймын. Біз 5 бастаманы қолға алып отырмыз. Олардың әрқайсысы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып, өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер