Қазақстан халқының бірлігі күні

Қазақстан халқының бірлігі күні

Бірлік түбі береке! Осы нақылдың орындылығын нақты игі істермен дәлелдеп келе жатқан қазақстандықтар үшін 1 мамыр мейрамының маңызы айрықша. Бұл біздің жарасқан достығымыз ұлықталатын күн. Бүгінде тілдері басқа болғанымен, тілеуі бір 130-дан астам ұлт пен ұлыс ынтымақтың қасиетті шырағы жағылған бір шаңырақ астында біте қайнасып жүр. Халықаралық сарапшылар Қазақстанның саяси және экономикалық жетістіктерін  қаймағы бұзылмаған қоғамның бейбіт тірлігінің жемісі дейді. 

САЛМАН ГЕРОЕВ, АСТАНА Қ. «ВАЙНАХ» ШЕШЕН-ИНГУШ ЭТНО МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКЖІСІ:

 - Мен туған ұлтымның осымен 25 жыл қатарынан өзге халықтармен жұмылып ортақ үйіміз Қазақстанның гүлденуіне атсалысып жүргенін мақтан тұтамын. Біз бұл қонақжайі, өте жайлы ортаға бауырп басып қалдық. Бір-бірімізге туғандай қараймыз.

Қазақстан халқының бірлігі күні 1996 жылдан бері аталып келеді. Бұл – іргелес халықтардың мәдениеті мен салт-санасын танып, төл дәстүрді жаңғыртуға жол ашқан игі мейрам. Осы күні еліміздегі 600-ден астам этнобірлестіктер өздерінің жетістіктерімен бөлісіп, бір-біріне деген ізгі ниеттерін тағы бір дәлелдей түседі.

ЛӘЗЗАТ ХАМЗИНА, КӨРЕЙЛЕРДІҢ «ЧЕНРЮ» ҰЛТТЫҚ ХОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Қазақстан халқы бірлігі күнінне біздің өнер ұжымыда ортақтасып, құттықтауымызды ән-бимен жеткіземіз. Біз үшін бұл мерекенің маңызы зор. Астананың сахна төрлеріне халықтардың дәстүрлі өнерін көрсетумен қатар, өз шеберлігімізді шыңдай түсеміз.

Қазақстанның ұлтаралық келісімінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының алар орны ерекше. Қоғамдық институт түрлі ұлтты бір мүдеге жиып, рухани сабақтастық орната білді. Халық ұйтқысына айналған құтты мекеннің бұл бағыты өзгеге үлгі. Қазіргі таңда елімізде ұлттық жаңғыру бағытында 20 тілде білім беретін 200-ге тарта жексенбілік мектеп жұмыс істеп тұр. Отандық теле және радио арналарда 11 бірдей тілде жаңалықтар мен бағдарламалар таратылады. Мемлекеттік деңгейде корей, ұйғыр және неміс театрлары бар. Қазақстан аймақтарында лингвистикалық орталықтар ашылып жатыр. Ендігі мақсат – достықтың қасиетін жоғары бағалайтын еліміздің біртүтастығы мен ауызбіршілігін көздің қарашығындай сақтап, баянды ете түсу. Барша қазақстандықтың пікірі осыған саяды.