«Бабалар ізімен» экспедициясы Америка Құрама Штаттарында

«Бабалар ізімен» Америка Құрама Штаттарында. Ғылыми зерттеу тобы үндістердің Еуразия құрлығынан, Алтайдан Америкаға дейін көшіп келіп, қоныстануы туралы дерек жинап жүр. Себебі АҚШ-тағы үндістер түркілерге, соның ішінде Сібір және Алтай халықтарына генетикалық жағынан ұқсас. Мичиган университеттерінің ғалымдары да бұл тұжырымды қолдайды. Сонымен қатар Ресей ғылым академиясы цитология және генетика институтының мамандары да үндістердің генетикалық отаны Алтай деп танып отыр. Ғылыми-экспедиция мүшелері аялдаған Аризона штатындағы Тусан қаласында үндістер көп.

ЭВАН ТОМАС ТУСОН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 - Үндістердің мәдениеті өте бай. Біз түп-тамырымызды сақтай отырып, көпке танытсақ, ұлттық ерекшелігіміз, тегіміз жойылып кетпейді.

Ғалымдардың айтуынша, үндістердің Алтайдан Америкаға ұлы көші Беринг бұғазы арқылы біздің дәуірімізге дейінгі мыңдаған жылдар бұрын бірнеше толқынмен жүрген. Бұны тас бетінде біздің күнімізге дейін сақталған петроглифтер де дәлелдеп тұр. Тастағы таңбаға қарап олардың алтайлық тегін байқауға болады. Бұл петроглифтер Аризона штаты Сонор шөліндегі Кит Пик тауының басында табылған. Мұнда ежелден тохана жане пима үндістері тұрған. 

САПАР ЫСҚАҚОВ «БАБАЛАР ІЗІМЕН» ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Мұндай суреттер біздің Қазақстанда көптеп кездеседі. Мысалы, Алматының жанында Таңбалы деген петроглиф бар. Сол жерде адамның, жан-жануардың суреті бар.  Бұл бізде де бар. Адам болғанда да оның басында. Күннің бейнесі сызылған. Бұл халықтардың алтайлық екені дәлелденіп тұр. Бұлардың түпкі тамыры бізбен бірге екені дәлелденіп тұр.

«Бабалар ізімен» экспедициясының ендігі межесі – Нью-Мексика штаты.