Қазақстандық мамандар ағаш өңдеудің тың тәсілін тапты. Алматылық ғалымдар төмен сапалы ағашты жетілдіру жолын ұсынып отыр. Олар жасыл өскіндердің қасиеттерін мұқият зерттеген. Әр ағаштың өз ДНҚ-сы бар екені белгілі. Ал заманауи технологиялардың көмегімен қайың мен теректі емендей берік қылуға болады екен. Қалдықтар да кәдеге жарайды. Осының арқасында еліміздегі ормандарды сақтай отырып, жиһаз өндірісін кеңейтуге мүмкіндік ашылады.

ҚАНАТ МҰСАБАЕВ, БАС ИНЖЕНЕР:

 - Біздің кәсіпорын полимерлер мен ағаштан композициялық материалдар жасалады. Біз осыған дейін жиһаз бөлшектерін, яғни қас беттерін, стендттер мен интерьерге арналған тақталар дайындап келдік. Енді ванналардың сериялық өндірісімен экспортқа шықпақ ойымыз бар.

Ағашты жетілдіру технологиясы бірнеше кезеңнен тұрады. Оған химиялық және жоғары температурада өңдеу кіреді. Реактор камерасында полимерлеу процесінен өтеді. Осылайша, жетілдіріліп, беріктігі артады.

ЛЕЙЛА САБЫРОВА, ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Біздің технология бәсекеге қабілетті. Себебі экономикалық жағынан тиімді. Және біз арзан ағашты пайдаланамыз. Содан болар ол үнемді әрі әрдайым сұраныста.

Сапасы төмен ағаштарды құнды материалға айналдыру жобасы коммерцияландыру грантын иеленген 96 ғылыми жұмыстың бірі.

ӘНУАРБЕК СҰЛТАНҒАЗИН, ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Біздің жобаларымыз бен гранттарымыз кешенді болып табылады. Жоба үйлестірушілеріне осында жобасымен келген кәсіпкер-ғалымға көмек көрсетуді, нарыққа шығару жолдарын қатар ойластыруды тапсырамыз.

Бүгінде ағаш өңдейтін кәсіпорынның өнімдері Алматы, Астана және Шымкент қалаларында танымал. Бұған қоса, аталмыш өндіріс ошағына АҚШ-тың кеме жасайтын компаниясы қызығушылығы танытып отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер