Қазақстан мен Түркменстан арасында жол салынады. Түркменбашы қаласында өткен бизнес-форум барысында тараптар осындай уағдаластыққа қол жеткізді. 164 километрге созылатын жаңа магистраль Маңғыстау облысының Кендірлі демалыс аймағын көрші мемлекетпен байланыстырады. Сондай-ақ тараптар Қазақстан-Түркменстан-Иран теміржолымен тасымалданатын жүк ағынының көлемін ұлғайту мәселесін талқылады. Кездесуге қатысушылардың пікірінше, Түрікменбашыдағы II халықаралық сауда порты ашылғаннан кейін тасымал ауқымы артатынына сенім білдірді.

ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Екі мемлекет те Каспий жағалауында орналасқан, сондықтан көліктік-логистикалық әлеуетті кеңейту ең перспективалы бағыттардың бірі саналады. Ақтау және Құрық порттарының дамыту жұмыстары осы бағытта жүргізіліп жатыр. Екіншісі – теміржол желісі.

САТЛЫК САТЛЫКОВ, ТҮРКМЕНСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАЛҚАН УӘЛАЯТЫНЫҢ ХАКІМІ:

 - Біздің де, сіздердің де теңіз порттарыңыз арқылы үшінші елдерге немесе біздің өңірлерге тауар жеткізу үшін барлық мүмкіндіктер бар. Бүгінде бізде жаңа зауыттар салына бастады. Бұл – Қиялы ауылындағы газ-химия кешені, сонда Қарабоғаз мекеніндегі карбамид зауыты. Мұнай және химия өнімдерін өндіретін боламыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер