Қазақстан экономикасының даму қарқынында оң үрдістер сақталып келеді. Биылдың алғашқы тоқсанында жалпы ішкі өнім өсімі 4,1%-ға жетті. Бұл өткен жылғы дәл осы мерзіммен салыстырғанда жарты пайызға артық. Экономикалық көрсеткіштердің ілгерілеуіне негізінен ауыл шаруашылығы, өндіріс, инвестиция мен қызмет көрсету салаларының дамуы ықпал етті. Еліміздің ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, өнеркәсіп өндірісінің өсімі 5,3 % құраған. Бұл орайда қайта өңдеу кәсіпорындарының қарқынды дамуы байқалады. Әсіресе фармацевтика, химиялық және қағаз өнімдерін шығару ісі алға басқан. Сондай-ақ көлік құрастыру, металлургия мен жиһаз жинау, сусындар мен азық-түлік сынды өзгеде салалардың даму қарқыны жақсара түскен.

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

 - Ауыл шаруашылығында өсу қарқыны 3,6% құрады. Бұған мал шаруашылығының 3,8%-ға кеңеюімен байланысты. Ағымдағы жылдың I тоқсанында құрылыс жұмыстары көлемінің екі айлық төмендеуден кейін өсу траекториясына шықты. Саладағы өсім 5,9% құрады. Көрсетілген қызметтер бойынша тұтынушылық белсенділік пен сұраныстың аясында көрсетілген қызметтердің шығарылымы 3,6% өсті. Сауда 6,2% өсті.

Сондай-ақ кәсіпорындардың негізгі капиталына инвестиция тарту жағы еселеніп келеді. Бұған бірқатар факторлар әсер еткен.

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

 - Негізгі капиталға салынған инвестициялар 39,5% ұлғайды. Мұндай өсу «ПетроҚазақстан» шымкентік мұнай өңдеу зауытын жаңғыртумен, теңіз кен орнында болашақта кеңею жобасын іске асырумен байланысты. Инвестициялық салымдар транспорт саласында 58,5%, құрылыста  57,2%, өнеркәсіпте 51,6%  және саудада 47,3% ұлғайды.

Сонымен қатар тау-кен саласының өндірісінде де 5 пайыздық өсімге қол жеткізілді. Табиғи газ, мұнай және темір өндірісінің біршама артқандығы байқалады. Бұл орайда сыртқы сауда-саттық көрсеткіштері де кенжелеп қалған жоқ. Салалық ведомство мәліметіне сай, соңғы үш айда қазақстанның экспорт көлемі 27 пайызға ұлғайған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер