11 әлемдік сын-қатер Астана экономикалық форумында талқыланады. Мамырдың 17-сі мен 19-ы аралығында Қазақстан елордасына 24 елден бес жүзге тарта спикер жиналады. Халықаралық сарапшылар, Нобель сыйлығының лауреаттары бүгінгі қалаларды дамытудан бастап жаһандық қауіпсіздікке дейінгі тақырыптар бойынша ойларын ортаға салады. ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленовтың айтуынша, биылғы форум жаңа форматта ұйымдастырылып, іскерлік бағдарлама, стратегиялық сессия және зерттеу жүргізу сынды үш блоктан тұрады, интерактивті құралдар көптеп қолданылып, пікірталастар еркін негізде өрбитін болады. Бұдан басқа, елордалық оқу орындарының студенттері үшін Нобель сыйлығының иегерлерімен кездесу ұйымдастырылады.

РУСЛАН ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Астана экономикалық форумына шетелдік инвесторлар, әлемдік және қазақстандық іскерлер тарапынан қызығушылық зор. Биыл ауқымды жиынға Еуропа мен Азияның, Американың ең озық халықаралық банктерінің, венчурлық қорлардың басшылары, трансұлттық компаниялар, ірі инвесторлар келуге ниет танытты. Меніңше, форумда Қазақстанның мүмкіндіктерін жан-жақты таныстырып, инвестиция тарту мәселесін мұқият талқылауға мүмкіндік мол болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер