Астанада XXV Дүниежүзілік тау-кен конгресі өтеді - Kazakh TV

Қазақстан биыл жазда Дүниежүзілік тау-кен конгресін қабылдайды. Әлемдік маңызы бар ауқымды шара Қазақстанда ғана емес, ТМД аумағында да алғаш рет өтеді. Саланың беделді сарапшылары мен үздік компанияларының өкілдері бас қосатын конгресс отандық тау-кен өндірісі мен металлургия саласына оң ықпал тигізері анық. Атап өтейік, өткен жылы Қазақстанда тау-кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 9%-ға  ұлғайса, өңдеу 5%-ға артқан. Ал түсті металл мен темір рудаларын өндіру 7-8%-ға дейін жоғарылады.  Еліміздегі жер асты қазба байлықтарын игеруге әлем мемлекеті инвесторларының ықыласы жоғары. 

НИКОЛАЙ РАДОСТОВЕЦ, ТАУ-КЕН ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ МЕТАЛЛУРГИЯ КӘСІПОРЫНДАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Қазір елімізде инвесторларларға экономикалық тұрғыда қолайлы жағдай жасалған. Заңдарымыз да халықаралық талапқа келеді. Былтыр жер қойнауына қатысты жаңа заң қабылданды. Сондай-ақ, салық кодексі де өзгерді. Геологиялық барлау жұмыстарын да ұсына аламыз. Тек келсін де жұмыс істесін.    

ҚАНАТ БАИТОВ, ҚР ИДМ ИНДУСТРИАЛДЫ ДАМУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біздің елімізде инвесторларға экономикалық тұрғыда қолайлы жағдай жасалған. Атап өтер болсақ, арнайы келесімшарт жасасқан инвесторлар корпоративті табыс салығынан босатылады, түрлі жеңілдіктер де бар. Тағы бір көңіл қуантарлық жайт, қандай да бір нысанды іске қосқанда, қаржы шығындарының 30%-ы мемлекет тарапынан өтеледі. Меніңше, мұндай жеңілдіктер басқа жақта жасалмайды.

Атап өтерлігі, XXV Дүниежүзілік тау-кен конгресі маусымның 19-ы мен 21-і аралығында елордада өтеді. Шараға 50 елден 2 мыңнан астам делегат, 37 мемлекеттен 400-ге жуық баяндамашы-автор, ондаған мемлекеттен ассоциация мен университеттердің өкілдері қатысады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер