Қазақстан халықаралық терроризм мен экстремизммен күрес мақсатында Ұжымдық қауіпсіздік шарты туралы ұйымы аясында БҰҰ-ның терроризмге қарсы құрылымдарымен ынтымақтастықты кеңейте түспек. Бұл мәселе – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстан қызметіндегі маңызды басымдықтарының бірі. Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Сербия өкілдері жедел әрекет ету күштерінің жұмысына және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Біріккен штабы мен дағдарысқа қарсы әрекет ету орталығының тиімді жұмыс істеуіне назар аудармақ. Атап өтерлігі, биылдан бастап Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының төрағалығы Қазақстанға көшті.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Ең алдымен Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымы елдері азаматтарын лаңкестік жайлаған аймаққа жібермеу үшін алдын-алу шараларын қолға алу керек. Содан соң кез-келген радикалдық саяси және діни ахуалды қабылдамау үшін қоғамда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу міндет.

Киберқауіпсіздік қатері туралы айта келе, Сенат төрағасы компьютерлік шабуылды бейтараптандыру және осы салада тәжірибе алмасу үшін, Ұйымның интерактивті платформаларын кеңінен қолдану қажеттілігіне тоқталды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер