Франция мен Қазақстан стратегиялық әріптестігін нығайтпақ - Kazakh TV

Франция мен Қазақстан стратегиялық әріптестігін нығайта түседі. Осы ретте қос тарап Парижде келіссөз өткізді. Екі жақтың сыртқы істер ведомствалары ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Еуропа министрлігінің басшысы әрі Франция сыртқы істер министрі Флоранс Манжен Қазақстанның өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға маңызды үлес қосып жатқанын  атап өтті. Кездесу барысында Орталық Азия бойынша жаңа Еуро Одақ Стратегиясын әзірлеу, Ауғанстанға көмек көрсету, өңірлік ынтымақтастық және «Бір жол-бір белдеу»  бастамасын жүзеге асыру мәселелері де талқыланды. Сонымен қатар франциялық тарап ел президенті Эммануэль Макрон елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанға ресми шақыртуын зор алғыспен қабыл алғанын жеткізді.

РОМАН ВАСИЛЕНКО, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Енді екі жақ осы сапардың уақытын анықтауы қажет. Бұл біздің бүкіл қарым-қатынасымызға үлкен серпін беретініне сенімдіміз.  Ол уран  және ғарыш өнеркәсібі, теміржол көлігі, бетон өндірісі, Данон  йогурттарын шығару және өзге де салаларды қамтиды. Франция Қазақстанға осы жылдар ішінде 13 миллиард доллар инвестиция құйған бесінші ірі инвестор. Бірақ біз инвестиция мұнымен шектеліп қалады деп ойламаймыз, француз әріптестер осы ынтымақтастықты кеңейтудің келешегіне, әсіресе «цифрлы Қазақстан» және «Қазақстанның үшінші модернизациясы» сияқты экономикалық бағдарламаларына қызығушылық танытып отыр.

ПАСКАЛЬ ЛОРО,  «ИНСТИТУТ ШУАЗЁЛЬ» ЗЕРТТЕУ  ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Қазақстан мен Франция – стратегиялық әріптестер. Бүгінде Франция – Қазақстанның бесінші ірі экономикалық серіктесі. Бірақ менің ойымша, біздің қарым-қатынастың болашағы зор. Қазақстан мен Франция бұдан да жақын әрі белсенді серіктес болу үшін қарқынды жұмыс істеуіміз керек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер