Қазақстан халықаралық туризм картасының жаңа нүктесіне айналуы мүмкін. Бүгінде елімізге келетін туристер ағынының күрт өскендігі байқалады. Бұл әлбетте шетел саяхатшыларының тарапынан мемлекетімізге деген қызығушылық артқандығын білдіреді. Туристермен қатар бизнес қауымдастықтың да ел аумағына қатынаулары жиілей түскен. Іскер азаматтар үшін Қазақстан инвестициялық әлеуеті және Азия мен Еуропа қиылысында орналасуымен тартымды. Берлинде жылда өтетін ITB туристік жәрмеңкесіне Қазақстанның қатысуы бекер емес. Жиында елімізге саяхат құрудың тиімділігімен  бірге шетел бизнесмендеріне төл кәсібінен нәпақа табу жағының мүмкіндіктері айтылады. ITB Advisory әріптесі Бруно Уолтердің айтуынша Қазақстан туризм саласын дамыту үшін қай нарыққа басымдық беруін шешіп алуы тиіс. Мәселен, Берлиндегі жәрмеңке Еуропа, АҚШ пен Латын Америка елдеріне шығудың таптырмас жолы дейді, маман.

БРУНО УОЛТЕР, ITBADVISORY ӘРІПТЕСІ:

- Біздің Сингапурде ұйымдастыратын жәрменкеге қатысу арқылы экономикасы қарқынды өсіп келе жатқан Азия елдеріне шығуға болады. Сондай-ақ осы текті Қытайда болатын жиындарға ат салысқан жөн. Себебі Қытай жалғыз өзі әлемге танылған алып нарық. Туристер мен инвесторлар ағынын артыруды көздейтіндер міндетті түрде осы мемлекетпен жұмыс жасаулары қажет. 

Қазақстанның туристік саласы жоғары қарқынмен дамуда. Бұл орайда еліміз үздік халықаралық тәжірибелерді ендіріп жатыр. Бруно Уолтердің пікірінше, Bed Tax туристік салығын енгізу ел экономикасына қосымша қаржы тартуға септесетін болады. Бұдан түскен ақша саланы жетілдіре түсуге жұмсалады. Қазақстан бұнымен шектеліп қалмақ емес. Жақын болашақта этно,эко, киелі жерлерге саяхат, мәдени танымдық, медициналық және спорттық туризм түрлерін дамыту жоспарланып отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер