Альпинист Мақсұт Жұмаев Астананың 20-жылдығына орай Эверест шыңын бағындырмақ - Kazakh TV

Қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Эверест тауының шыңын екінші мәрте бағындырмақ. 2007 жылы Азияның ең жоғарғы нүктесінде әуелетіп әнұран шырқаған жерлесіміз бұл жолы дәл сол биіктікке Астана қаласының туын тігуді жоспарлап отыр. Альпинист бұған дейін Эвересттің солтүстігіне көтерілісе, енді аса қауіпті саналатын оңтүстік бағытына бет алып отыр. Мақсұт Жұмаевтың шың басынан әлеуметтік желіде байланысқа шығамын деген ойы  бар. Ол Швейцария, Ресей альпинистермен бірге сапарға аттанып, топқа жетекшілік ететін болады. Елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған халықаралық экспедиция үстіміздегі айдың 10-нан бастау алып алдағы мамыр айының 28-і күніне дейін жалғасады.

МАҚСҰТ ЖҰМАЕВ, АЛЬПИНИСТ:

- Мен үшін биыл мүлдем басқа сын болмақ. Бұрындары биіктіктер арнайы спорттық нәтиже үшін  бағындырылатын.  Бұл жолы топтың жетекшісі ретінде маған артылған жүк ауыр.  Жалпы экспедицияны жоғары деңгейде ұйымдастыру тапсырмасы қойылды. Бұл әуестік қателікті кешірмейді. Сондықтан құрамамның қауіпсіздгіне жауаптымын. Халықаралық экспедиция жолы оңтүстік бағытан өтеді. Өйткені Эверет адамға алғашқы рет дәл осы бөлігінің тұсынан бағындырылды.

Айта кетейік, Мақсұт Жұмаев – жер бетіндегі әр құрлықта орналасқан 8 мың метрден асатын 14 биіктікті бағындырған жалғыз қазақ. Әзірге бұл барлық белестің шыңына шығу әлемнің тек 20 альпинистінің қолынан келген.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер