Астанада тұңғыш Ортаазиялық ғылыми-зерттеу форумы өтті. Бұл – қазақстандық студенттер мен ғалымдары Ұлыбританияда дәстүрлі түрде ұйымдастыратын форумының жалғасы. Жиынға 100-ден астам қатысушы келді. Басты мақсат – ғылым мен бизнес арасындағы байланысты нығайту. Форум бағдарламасы екі бөлімнен  бөлінген. Біріншісі - «Тұрақты даму, Білім. Қаржы.Тұрақты бизнес» деп аталады. Ал екіншісі - жастарға арналған бөлім. Оның барысында зерттеу саласын дамытудағы жастардың рөлін арттыру мәселесі талқыланды.

ЕВГЕНИЯ КИМ, КӘСІПТІК БАҒДАР ЖӘНЕ КАРЬЕРА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біз зерттеу университеті болғандықтан, біздің ғалымдар, оқытушылар мен профессор құрамымыз, түрлі саладағы зерттеумен айналысатын түлектеріміз бар. Осындай жиындарда олар өздерінің жұмыстарын талқылап, тәжірибе алмаса алады. Пікірталастар мен дебаттардың нәтижесінде даму бағыты айқындалады деген ойдамын.

ӘДІЛ ЖАРМҰХАМБЕТОВ, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕГІ:

- Бізде технологиялар, бастамалар, зерттеумен айналысатын мамандар жеткілікті. Алайда бизнес бұл бастамаларды, жастардың идеяларын өз керегіне жаратуға асығып отырған жоқ. Сондықтан бұл шараның маңызы зор. Өйткені бұл форум жас ғалымдар мен бизнес арасындағы платформа болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер