Астананың 20 жылдығы қарсаңында әрі Қазақстанның ұлттық валютасының 25 жылдығын негізге ала отырып, Ұлттық Банк ескерткіш монеталарын шығармақ. Бұл әлемдегі нумизматикамен айналысушылар үшін тамаша жаңалық. Олардың жеке қорында Қазақстанның монеталары ерекше орын алары анық. Коллекциянерлер біздің елдің теңгелеріндегі шеберлікті, ондағы дизайнды жоғары бағалайды. Халықаралық монеталар арасындағы жарыста отандық теңгенің безендірілуі үнемі алғашқы орындардан көрінеді. Қос бірдей айтулы датаға арналып шығарылған монета сериясы да бұрынғыларынан еш кем емес.

АЛМАТ БАСЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ БАС ДИЗАЙНЕРІ:

- Бұл монетада өткен тарих ерекше кейіпте бейнеленеді. Яғни Астананың келбетін адамың жүзі арқылы жеткіземіз. Мұнда терең рухани мазмұн бар. Адамдарды да, қоғамдық ғимараттар мен ресми, бейресми дүниелерді  «Астана Операны», ЭКСПО қалашығын коллажбен береміз.

Жаңа серияның басты ерекшелігі – жаңа технология. Лазерлік гравюрамен жасалған теңге түрлі түске енеді.

АЛМАТ БАСЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ БАС ДИЗАЙНЕРІ:

- Біз автор әрі дизайнер ретінде ерекше идеяны, тың дүниелерді жақсы көреміз. Бұл монетаны жасау барысында  бүге-шүгесіне дейін көңіл бөлеміз.

Купюрларды болсын, мейлі теңгелер, оларды жасау барысында әрдайым технология саласында жетістікке жеткен ең озық әрі соңғы құрал-жабдықтар қолданылады. Содан болар, сарапшылардың пікірінше, қазақстандық валюта – әлемде теңдессіз әрі қорғалған. Коллекционерлердің қазақстандық монеталарға сұранысын арттыру мақсатында Ұлттық Банк мерейтойлық монеталардың санын шектеп, белгілі бір мөлшерден асырмау туралы шешім қабылдапты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер