Көші-қон қызметі: 25 жылда бағындырған асу

Қазақстанның көші-қон қызметі әлемдік тәжірибеге сай иновациялық жаңашылдықтарды ендіруде. Биыл елордада көші-қон қызметінің орталығы ашылды. Есесіне еңбек мигранттарының уақыт машахаты шешіліп, құжат рәсімдеудегі қағаз бастылық мәселелері шешілді. Енді елімізге нәпақа табуға келген шетелдіктер қажетті қызметтің бар түрін бір жерден алады.  Мұнда медицина, крименалист мамандары мен банк қызметкерлері, сақтандыру компанияларының агенттері жұмылдырылып, еңбек етуге рұқсат қағаздарын рәсімдеуге көмектеседі. Алдағы уақытта осы текті бір терезе қағидаты бойынша жұмыс жасайтын орталықтарды ел бойынша ашу көзделіп отыр.

АРМАН БАЙМҰХАМЕД,  АСТАНА Қ. ІІД КӨШІ-ҚОН БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Бұл Қазақстанда бұған дейін болмаған бірегей орталық. Әлі күнге дейін елімізде осы қанатқақты жобаның баламасы жоқ.Орталықтың басты мақсаты - еңбек мигранттарына мемлекеттік қызмет түрлеріне қатысты құжаттық рәсімдер жасау. Бұрындары бұл іске 4-6 жұмыс күні жұмсалатын. Қазіргі таңда қажетті құжаттар бір сағаттың ішінде рәсімделеді.