Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы артады - Kazakh TV

Қазақстан Қытайдан тасымалданатын жүк көлемін жылына 2 миллион контейнерге дейін арттыруды көздеп отыр. Мақсат – 2020 жылға дейін теміржол құрамдарының санын өсіру ғана емес, салада көрсетілетін қызмет сапасын жетілдіру. Атап өтерлігі, Аспан асты елінен контейнер тасымалының көлемі соңғы жеті жылда 200 есеге артқан. Қос мемлекеттің жүк тасымалы саласындағы әріптестігін кеңейту жайы Боао азиялық форумы аясында талқыланды. «Ашық, инновациялық Азия және өркендеуші әлем» деген тақырыптағы кездесуге сарықұрлық елдерінен басқа, Еуропа мемлекеттері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. «Қазақстан темір жолы»ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Қанат Алпысбаевтың айтуынша, контейнерлік тасымал саласында жүктерді жеткізу уақытын қысқартуға назар аударылмақ.

ҚАНАТ АЛПЫСБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ»ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

- Бұл сервис жұмысы тек қана темір жол құрамының ғана емес, сондай-ақ жүкті рәсімдеп шекарадан өткізуге көмектесу сынды қызмет түрлерін көрсетуге бағытталған. Бізде Қазақстаннан Қытайға немесе Еуропаға мәселен Беларусь, Польша мемлекеттерінің шекарасы арқылы  тасымалданатын жүктерді өңдеу ісін жылдамдату үшін алдын-ала тапсырыс беріп, ақпараттық хабарлау жүйесі еңгізілді. Бүгінде түрлі шалғай аудандардан келетін темір жол нысандары көбейіп жатыр. Бұл орайда біздің алдымызға қойған мақсат – ол осы сервистік қызметтің жұмысын жетілдіріп, жүктің өту сапасы мен жылдамдығын жақсарта түсу. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер