Өскемен конденсатор зауыты заманауи құрылғылармен жабдықталды - Kazakh TV

Өндірісті модернизациялау өнім көлемін көбейтіп, сапасын арттырады. Шығыс Қазақстандағы энергия үнемдеу жабдықтарын шығаратын кәсіпорынның 60 жылдық тарихы бар. Бүгінде жаңартылып, жаңғыртылған өндіріс ошағында жылына құны 3 млрд теңге болатын 1000-нан аса өнім түрлері шығарылады. Үндістан, Жапония, Америкадан алынған заманауи жабдықтар тауардың сапасын арттырып отыр. 

ЖАНДОС АҚАТАЙ, КӘСІПОРЫННЫҢ САТУ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұрын конденсаторлардың көбінде жартылай автоматтандырылған станокпен жасалатын. Қазір Оптималь 500 станогында бүкіл операция автоматтандырылған режимде жасалады.

Бұл құрылғылар адам күшін аса қажет етпейді. Десе де, кәсіпорында техника тілін жетік меңгерген мамандар жетерлік. Ольга Гребенькованың зауытта қызмет еткеніне 5 жыл. Кәнігі маман соңғы үлгідегі жабдықтарды ұршықша үйіреді.

ОЛЬГА ГРЕБЕНЬКОВА, ОПЕРАТОР:

- Бұл құрылғы жаңа болғанына қарамастан, өте жеңіл, оңай басқарылады. Бұрынғыға қарағанда қазір жұмысымыз ыңғайланды. Барлық шаруаларды құрылғы өзі тындырады. Секцияларды орайды, сынап, конденсаторды жинауға дайындайды.

Еліміздегі бірегей кәсіпорын өнімдері ТМД елдерінде сұранысқа ие. Өскемендік конденсаторлар Қазақстандағы машина жасау, металлургия, мұнай-газ саласында ұдайы қолданылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер