Еліміздегі колледждерге енді «қолданбалы бакалавриат» деген түсінік енгізіледі. Дәлірек айтсақ, бакалавр деңгейін алу үшін университет жағалаудың қажеті жоқ, білімді колледждер де бере алады. Негізі қолданбалы бакалавриат саты бойынша 5-ші орында тұруы керек. Ол кәсіптік білімнен жоғары, академиялық бакалавриаттан сәл төмен тұратын деңгей. Аталмыш жүйе ТМД елдері арасында Ресейде ғана бар.

НҰРҒАЛИ АРШАБЕКОВ, «КӘСІПҚОР» ХОЛДИНГІ КЕАҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - Бұл бағдарламалардың негізін біз 2016 жылдан бастап дайындаған болатынбыз. Алғашқыда, әрине, қалай даярлаймыз, қалай енгіземіз деген көптеген сұрақтар болды. Методолоияны дайындау кезінде біз оған жұмыс берушілерді тарттық, жоғарғы оқу орны өкілдерін, сонымен қатар колледждерді. Себебі ол 3 жақты еңбектің арқасында шығатын дүние.

Қолданбалы бакалавриаттың академиялық бакалавриаттан басты ерекшелігі алғашқысы ғылымға терең бойлауға негізделсе, соңғысы таза нарықтың сұранысына бағытталып, тәжірибеге көбірек мән береді. Сондықтан оны жүзеге асыруға бірнеше тараптың қатысуы заңдылық. «Кәсіпқор» холдингінің» бастамасын ең алғаш болып Астанадағы көлік және коммуникация колледжі қолға алды. Енді осы оқу ордасы алдағы қыркүйектен бастап қолданбалы бакалавриат бойынша 3 түрлі мамандар дайындайды.

ЛАРИСА МАТВЕЕВА, КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қарапайым колледждерге қарағанда оқу ұзақ уақытты алады және 11 сыныпты меңгеріп келуі керек. Олар бірнеше деңгейде мамандар дайындайды. 1-2 деңгей жұмысқа қабілтеттілігін анықтаса, орта деңгейдегі маман техника тілін жетік білуі керек. Ал үшінші деңгей бакалавриат негізінде болады. Қолданбалы бакалавриат деңгейін алған маман кез келген өндіріс орнына барып жұмыс істей алады. Тіпті кіші инжинер қызметіне дейін атқаруға мүмкіндік бар.

Жоспар сәтті жүзеге асуы үшін заңға да бірқатар өзгерістер керек. Атап айтсақ, колледж бітірген маманның диломында қолданбалы бакалавриат дәрежесі бары жазылуы тиіс. Келер оқу жылына дейін жоба толықтырылады әрі бастама табысты жүзеге асарына сенім мол дейді мамандар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер